1 / 4
📚 «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі»
Мектебімізде «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығын қорытындылау және жабылу салтанаты өтті.
Апталық барысында белсенділік танытып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білген білім алушылар мектеп директорының марапаттау қағаздарымен марапатталды.
✨ Апталық өз мақсатына жетіп, білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білімге деген құштарлығын нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!









