Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың Вице-президент Маттео Патроне бастаған Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қаржы нарығының ағымдағы жай-күйін, қаржы секторын одан әрі дамыту жөніндегі реформаларды талқылады, сондай-ақ ағымдағы жылғы қаңтарда Президент қол қойған Банктер туралы жаңа заңды әзірлеу кезіндегі сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті.
Негізгі тақырыптардың бірі капитал және сақтандыру нарықтарын реформалау болды. Капитал нарығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасының және Сақтандыру нарығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобалары талқыланды.
Тараптар сондай-ақ Капитал нарығы туралы жаңа заң жобасының халықаралық танылған стандарттар мен үздік практикаларға сәйкестігіне кешенді сараптама жүргізуді талқылады. Сараптама барысында Капитал нарығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының тәсілдерін іске асыру үшін Заң жобасының құқықтық базасының жеткіліктілігін бағалау ұсынылады.
Капитал нарығы туралы жаңа заң қор нарығының тұрақтылығы мен тиімділігін одан әрі нығайтуға, инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға және инновацияларды ынталандыруға бағытталған. Жаңа заң жобасын Құрылтайдың қарауына ағымдағы жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









