Оба ауруының анықталу жағдайы кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

    1 / 3

    «Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ 2026 жылдың 3 қарашасында Атбасар ст. теміржол вокзалында аса қауіпті және карантиндік инфекцияға (оба мысалында) науқас (күдікті) анықталған жағдайда мүдделі қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл тактикасы бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оба — Yersinia pestis бактериясы тудыратын, табиғи ортада кездесетін қауіпті бактериялық ауру. Ең көп таралған түрі — бубон обасы. Ол кеміргіштерден жұқпа жұқтырған бүргелердің шағуы арқылы таралады. Бұл ауру лимфа түйіндерінің қатты қабынуымен және олардың ауырсыну тудыратын ісінуімен (бубондардың пайда болуымен) сипатталады. Оба ауруының негізгі белгісі — дене қызуының кенеттен, күрт көтерілуі (39–40 °C-қа дейін); бұл жағдай қатты бас және бұлшықет ауырсынуымен, жалпы әлсіздікпен, сондай-ақ шап, қолтық немесе мойын аймағында ауырсынатын түйіндердің пайда болуымен қатар жүреді. Жолаушының оба ауруына шалдыққаны туралы Атбасар ст. теміржол вокзалының кезекшісі хабарлаған. Хабарлама схемасына сәйкес, басқарма басшысының м.а. эпидемияға қарсы жоспарды орындап, тиісті мекемелер мен ұйымдарға хабарлады. Оқу-жаттығуды өткізуге келесі ұйымдар қатысты: Атбасар қаласының Жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы, Ақмола облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК филиалының Атбасар аудандық бөлімшесі, Атбасар ст. желі полиция бөлімі, Атбасар ст. атқыштар командасының «Әскери теміржол күзеті» ЖШС филиалы, Атбасар ст. теміржол вокзалы «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы.
    Өткізілген оқу-жаттығулар барысында оба ошағын оқшаулау және жою бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Өткізілген оқу-жаттығу нәтижелері бойынша ескертулер жоқ. Есіңізде болсын, оба белгілері болған жағдайда мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгіну керек. Обаға күдікті барлық науқастар инфекциялық стационарға жатқызылуы тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары