Атырау қаласында аса қауіпті инфекция анықталған кездегі іс-қимылдар пысықталды

    2026 жылғы 30 қазанда Атырау станциясындағы пойыздар тұрағында аса қауіпті және карантиндік инфекцияға күдікті жағдай анықталған кезде атқарылатын іс-қимылдарды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Іс-шараны Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Атырау бөлімшелік басқармасы ұйымдастырды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын, үйлесімді жұмысын және жедел әрекет етуге дайындығын бағалау. Оқу-жаттығуға Атырау обаға қарсы күрес станциясының, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық жәрдем қызметінің, Көліктегі полиция бөлімінің, Ұлттық сараптама орталығының Атырау облысы бойынша филиалының және «Батыс» АҚ Атырау телімінің өкілдері мен мамандары қатысты. Іс-шара барысында қауіпті инфекцияға тән белгілер анықталған сәттен бастап жүзеге асырылатын іс-қимылдардың кезең-кезеңімен орындалу алгоритмі тәжірибе жүзінде пысықталды. Сонымен қатар қатысушылардың жедел әрекет ету, ақпарат алмасу және ведомствоаралық үйлестіру деңгейі тексерілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары