Ақпараттық хабарлама

    Қарасу ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.

    Конкурс 2026 жылғы 29 желтоқсанда сағат 10:00-де Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 73 мекенжайы бойынша (Қарасу ауданы әкімдігінің үлкен залы) өтеді.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, 2026 жылғы 7 желтоқсаннан 28 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

    Өтінімдер Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 66 мекенжайы, 7-кабинетте орналасқан «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

    Конкурсқа қатысуға өтінім Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес қағаз жеткізгіште қолма-қол, пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

    «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысу өтінімдері бойынша конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қолма-қол ұсынылады.

    Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

    №

    Орналасқан жері

    Ауданы, га

    Алқаптардың құрамы

    Сапалық сипаттамасы

    Бонитет балы

    Жалдау мерзімі

    Ауыл шаруашылығы мамандануы

    Сумен қамтамасыз етілуі

    1

    Қарасу а/о

    60,2

    Жайылымдар, өзге де жерлер

    Оңтүстік қара топырақтар

    35

    48

    Мал шаруашылығы

    Жоқ

    2

    Қарасу а/о

    50,2

    Жайылымдар, өзге де жерлер

    Оңтүстік қара топырақтар

    35

    48

    Мал шаруашылығы

    Жоқ

    3

    Октябрь ауылдық округі

    939,0

    Жайылымдар – 789,0 га, жыртылған жер – 143,0 га

    Қою қоңыр топырақтар

    31

    48

    Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

    Жоқ

    4

    Октябрь ауылдық округі

    40,0

    Жыртылған жер – 28,5 га, жайылымдар – 8,0 га, өзге де жерлер

    Қою қоңыр топырақтар

    31

    48

    Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

    Жоқ

    Назар аударыңыз!Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлаймыз.

    Конкурстық құжаттама туралы ақпараттыhttp://karasu.kostanay.gov.kz/сайтынан алуға болады.

    Анықтама телефоны: 8 (71452) 21-7-71.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұзынкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары