Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы қызметіне қатысты мәселелер, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге қойылған міндеттер қаралды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметтік міндеттерді жүзеге асыру кезінде заңдылық, адалдық, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің жауапты қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін сапалы әрі белгіленген мерзімде қарау, сондай-ақ жүктелген міндеттер мен берілген тапсырмалардың уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









