Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Д.К. Құрманованың қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында азаматтардың өтініштерін тіркеу, қарау және құзыреттілігі бойынша қайта жолдау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарын мүлтіксіз сақтау, оның ішінде өтініштерді тиісті құзыреттілік бойынша қайта жолдаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, өтініштердің түрін негізсіз өзгертуге және оларды қарау мерзімдерін ұзартуға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Семинар соңында Қазақстан Республикасы ӘРПК талаптарын сақтау мәселелері бойынша қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









