Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар: заңнама талаптарын түсіндіру

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуына, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет атқаруына, қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалануына, қызметтік міндеттерін орындағаны үшін сыйлықтар мен материалдық игіліктер қабылдауына, сондай-ақ шетелдік банктерде шоттар ашуына және құмар ойындарға қатысуына қатысты шектеулер түсіндірілді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтауының және қызметтік міндеттерін адал әрі әділ атқаруының маңыздылығы атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары