Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

    1 / 3

    2026 жылғы 5 қарашада мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеев Тайыншы ауданындағы «BioOperations» ЖШС кәсіпорнында жұмысшылардың қатысуымен семинар өткізді.

    Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптары, сондай-ақ жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін нормалар түсіндірілді.

    Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс орындарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Осындай іс-шараларды өткізу жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және өндірісте еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті" жаңалықтары