2026 жылғы 10 қ арашада "Заң және тәртіп" акциясы аясында Петропавл қаласының прокуроры Г. С. Әубәкіров Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерімен бірлесіп "Әлем Экспорт Астық"ЖШС қызметкерлері үшін семинар өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі ережелері, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері, сондай -ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың талаптары түсіндірілді . Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау және өндірістегі жазатайым оқиғалар туындаған кездегі іс- қимыл алгоритмі мәселелеріне ерекше назар аударылды . Іс - шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер берілді .
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









