Жарма ауданында жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

    2026 жылғы 19 қарашада Жарма аудандық ресурстық орталығында мемлекеттік еңбек инспекторы М. Садыковтың қатысуымен аудан жұмыс берушілеріне арналған кездесу өткізілді.
    Кездесуге негізінен шағын және орта бизнес өкілдері, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары және басқа да жұмыс берушілер қатысты.
    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, еңбек шарттарын жасасу және олар туралы мәліметтерді Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне (БЕШЕЖ) енгізу тәртібі түсіндірілді.
    Сонымен қатар жұмыс берушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Бұдан бөлек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру, сондай-ақ жұмысшыларды еңбек жағдайларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету міндеттері түсіндірілді.
    Аталған мәселелер бойынша жұмыс берушілерге толыққанды түсіндірмелер беріліп, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында орын алған өндірістік жазатайым оқиғалардан нақты мысалдар келтірілді.
    Кездесудің негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптары туралы хабардарлығын арттыру, еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу және өндірістік жарақаттанудың алдын алу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары