ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

    1 / 7

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

    Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы, Әл-Фараби ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы және Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бірлесе отырып, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарының сақталуын бақылау және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Рейд барысында аудан аумағындағы ойын-сауық орындарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз кальян ұсыну деректері анықталды.

    Сонымен қатар, тексеру нәтижесінде ойын-сауық орындарының бірінде алкоголь өнімдерін сатуға тиісті лицензияның жоқтығы анықталып, алкоголь өнімдері тәркіленді.

    Бұдан бөлек, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, тиісті профилактикалық шаралар қабылданды. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

    Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы бірлескен рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

    Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары