ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    1 / 4

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    Әл-Фараби ауданында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан аумағында қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысының үздіксіздігін сақтау мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.

    Атап айтқанда, «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқы маусымға күшейтілген жұмыс құрамымен, жаңартылған арнайы техникалармен және қажетті материалдық қорымен дайындалуда.

    Қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарына арналған арнайы техникалар әзірлікке келтірілді. Сонымен қатар, жолдарға себілетін құм-тұз қоспалары арнайы қоймаларда сақталып, қысқы кезеңге қажетті материалдық қор жасақталды. Оның жалпы көлемі 14 мың тоннаны құрайды.

    Басты мақсат – қыс мезгілінде аудан аумағындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және ауа райының қолайсыздығына жедел әрекет ету.

    Қысқы маусымға дайындық жұмыстары аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары