Аудан әкімі Ж.Қаражанов Жем ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдымен ауылдық округте биыл атқарылған жұмыстар, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті.
Кездесуде тұрғындар асфальт жол салу, қоғамдық көлік бағытын өзгерту, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін кеңейту, мәдениет үйінде кино көрсетуді ұйымдастыру, интернет сапасын жақсарту мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштерді мұқият тыңдап, жедел шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Ал спорт нысанына қатысты ұсыныс облыстық басқарма деңгейінде қарастырылатынын атап өтті.
«Сіздердің тыныш әрі жайлы өмір сүріп жатқандарыңыз – біз үшін маңызды. Ауылдың дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында қолдан келген мүмкіндіктің барлығын қарастырамыз. Сіздер үшін аянбай еңбек етеміз. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы халықтың игілігі үшін», – деді аудан әкімі.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, әлеуметтік желідегі тікелей эфирде де тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









