ЖАҢА ҚАРАТОНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

    1 / 4

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі Жаңа Қаратон кентінде қорытындыланды.

    Алдымен аудан әкімі Ж.Қаражанов кент тұрғындарына бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

    Одан кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

    Кездесу барысында кент тұрғындары тазалық мәселесін, асфальт жолдардың сапасын жақсарту, бордюр орнату, абаттандыру, техникалық су желісін тарту, көшелерді жарықтандыру және жасанды жол кедергілерін орнату мәселелерін көтерді.

    Аудан әкімі мен жергілікті мемлекеттік орган басшылары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, бірқатар мәселелер бойынша түсініктеме берді. Қосымша уақыт пен қаражатты қажет ететін мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

    Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, заңнама аясында тиісті түсініктемелер берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жылыой ауданының әкімдігі" жаңалықтары