Семинарға қатысушылар эвакуациялау, хабарлау және қызметкерлерді төтенше жағдайларға даярлау мәселелерін қарастырды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және интернат үлгісіндегі әлеуметтік мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды уақтылы хабардар ету және эвакуациялау, эвакуациялау жолдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, төтенше жағдайлар кезіндегі қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмдерін бейімдеу мәселелері қаралды. Есту, көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету үшін қызметкерлерді даярлауға ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық жаттығуларды тұрақты түрде өткізу, қызметкерлердің дағдыларын жетілдіру және халықтың барлық санаттары үшін қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









