Михаил Рубас: «Осы жылдар ішінде біз көп жетістікке жеттік…»

    1 / 9

    Бүгінде ҚР ТЖМ қызметкерлерінің жұмысын заманауи байланыс және телекоммуникация жүйелерінсіз елестету мүмкін емес. Соңғы жылдары бұл салада СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде қандай өзгерістер болды?

    Бұл туралы СҚО ТЖД Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің байланыс жөніндегі аға шебері, азаматтық қорғау старшинасы Михаил Рубас әңгімелейді.

    «Мен Департаментте 2008 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде бөлімшелерді заманауи техникамен және жабдықтармен жарақтандыру бағытында түбегейлі өзгерістер болғанының куәсі болдым. Қазір төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және басқа да маңызды бағыттар бойынша жұмыс істейтін мамандар ең заманауи радиобайланыс және телекоммуникация жүйелерін пайдаланады.

    Біздің ерекше мақтанышымыз – кез келген жерде, тәуліктің кез келген уақытында, тіпті ауа райының қолайсыз жағдайларында және байланыс орнату қиын аумақтарда да жедел орналастырылып, жұмыс істеуге дайын командалық-штабтық машина. Спутниктік байланыстың, телекоммуникациялық жабдықтардың және квадрокоптерлердің көмегімен сенімді байланыс орнатылып, төтенше жағдайлар мен өрттерді жою орындарынан деректер мен бейнематериалдар жедел жеткізіледі. Ал бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмысының нәтижесіне тікелей әсер етеді.

    Цифрлық технологияларға көшу және жасанды интеллектіні енгізу ведомствоның күштері мен құралдарын басқару тиімділігін едәуір арттырып, азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруге және қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде біз көп жетістікке жеттік және болашаққа сеніммен қараймыз!» – деп атап өтті Михаил Владимирович.

    Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ТЖМ жүйесіндегі осындай маңызды әрі қажетті бөлімшелердің қызметкерлеріне ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары