Профилактикалық іс-шаралар өрттің алдын алуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үй сеторында өрттің шығу қаупі артады. Өрттің шығуына негізгі себептер болып жылыту пештерінің ақаулы болуы, электр жабдығын пайдалану ережелерінің бұзылуы және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі қала береді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық рейдтер, аулаларды аралау және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ерекше назар аударылады.
СҚО ТЖД өңір тұрғындарын жылыту пештерінің ақаусыздығын тексеруге, мұржаларды уақтылы тазартуға, электр сымдарының жағдайын қадағалауға және автономды өрт хабарлағыштарын орнатуға шақырады.