ҚОСШАҒЫЛДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 4

    Аудан әкімі Ж.Қаражанов кездесу барысында 2022–2026 жылдар аралығында тұрғындармен өткізілген кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.

    Бұған дейінгі кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар ұсыныстар жүзеге асырылған.

    – Қазіргі уақытта ауылдың инфрақұрылымын дамыту бағытында бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қосшағыл ауылында 18,9 шақырым ауылішілік автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде. Қарағай елді мекенінде 15,5 шақырым жол салу жұмыстары қолға алынып, көше жарығы бағаналары орнатылуда. Сонымен қатар Қосшағыл ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деді аудан әкімі.

    Кездесу барысында тұрғындар жұмыспен қамту, жаңа амбулатория салу, мал өткелін салу және малдың қиын төгетін орынды белгілеу және өзге де әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелерді ортаға салды.

    Аудан әкімі тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында жауап берді. Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жылыой ауданының әкімдігі" жаңалықтары