Бүгін аудан әкімі Ж.Қаражанов Қара Арна ауылдық округіне барып, Шоқпартоғай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімі тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
«Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мүмкіндігінше шешу бағытында жұмыс істейміз. Алдымызға қойған мақсатымыз, айқын бағыт-бағдарымыз бар. Сол бағыттан таймай, жұмысымызды жалғастырамыз. Барлығымыздың ортақ мақсатымыз – ауданымызды дамыту», – деді аудан басшысы.
Кездесуге аудан прокуроры, аудандық полиция басқармасы, мемлекеттік органдар мен дербес бөлімдер, квазимемлекеттік сектор мекемелерінің басшылары қатысты.
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауапты мекеме басшылары жауап беріп, өз құзыреттері шеңберінде түсініктемелер берді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктелді.
Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









