Аудан әкімі кездесуді Майкөмген ауылында жалғастырды. Алдымен бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы қысқаша баяндады.
Сонымен қатар елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Биыл 4 шақырым ауылішілік көшеге жарықтандыру желісі тартылып, нәтижесінде елді мекен көшелері 100 пайыз жарықтандырылды. Бұдан бөлек, ауылдағы электр желілерін қайта жаңғырту, ескі ағаш бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары ірі жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан жолдардың бүлінуі мен шаң көтерілуі, жол жиектерін салу және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, тиісті заңнама аясында жауап берді. Уақыт талап ететін мәселелерді назарға алып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері бойынша тиісті түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









