ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАШАХМАТШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

    1 / 4

    Сарыағаш қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында парашахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде «Облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы» КММ спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте чемпион атанды.

    Атап айтқанда, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы командалық жарыста Түркістан облысының құрамасы І орынға ие болды. Өңір намысын қорғаған Өмірсерік Серікбаев, Аружан Бәйділә және Айқын Қалдыбек қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.

    Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы командалық жарыста да түркістандықтар жеңіске жетті. Бұл санатта Қуанышбек Джумадуллаев, Абылқасым Ерімбетов, Әсел Амангелді мен Ержан Ибрагимов топ жарып, облыс қоржынын алтын медальдармен толықтырды.

    Осылайша, екі санат бойынша да командалық чемпион атанған түркістандық спортшылар облыс мерейін үстем етіп, параспорт саласындағы жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – спортшылардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар Асатулла Супбаев, Маратиллә Жамангараев пен Инкарбек Нысанбаевтың кәсіби шеберлігінің жемісі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары