Рахат ауылдық округінде өзеннің қауіпті учаскесі зерделенді 10.11.2026ж Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және Еңбекшіқазақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, «Қазселден қорғау» ММ ІААПТБ филиалы Есік ӨПБ басшысы және “Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының” мамандары бірлесіп, Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылының саяжай аумағы маңынан өтетін өзен арнасын аралап көрді.
Аралау барысында өзеннің су басу қаупі болуы мүмкін учаскелері назарға алынып, қауіпті аймақтардың қазіргі жағдайы зерделенді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу, су басу қаупін бағалау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









