Ағымдағы жылдың 05 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерімен бірлесіп, географиялық нұсқамаларды коммерцияландыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында өндірілетін және географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне тіркелген өнімдерді ілгерілету, олардың ішкі және халықаралық нарықтардағы танымалдылығын арттыру, сондай-ақ өңірлік брендтерді дамыту мәселелері қаралды.
Өнімдерді республикалық гастрономиялық және ауыл шаруашылығы фестивальдерінде іргерлету, сондай-ақ осындай өнімдер өндірілетін өңірлерде туристік маршруттарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар географиялық нұсқамалармен қорғалған өнімдерді өндіруге байланысты нысандарды мәдени-танымдық және экскурсиялық бағдарламаларға енгізу перспективаларын, сондай-ақ өңірлік өндірушілердің экономикалық әлеуетін арттыруға және отандық өнімдерді кеңінен танымал етуге бағытталған алдағы шараларды әзірлеу мәселелерін талқылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









