«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

    1 / 4

    2026 жылғы 05 қарашада «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті заңгерлік қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, Департамент ғимаратында «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.
    Акция барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікті ресімдеу, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу және басқа да өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар берілді.
    Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың және алаяқтықтың өзге де түрлерінің алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Акцияға жүгінген азаматтарға қажетті құқықтық түсіндірмелер беріліп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары