Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті

    Департамент туралы

    Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Азаматтарды қабылдау

    2026 жылдың 03 қыркүйегінде сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы А.Туктыбаевамен «Азаматтарды қабылдау орталығында» ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша және алдын ала жазылу: +7(7232) 704028, +7(7232) 704137 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

    3 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Азаматтарды қабылдау

    2026 жылдың 02 шілдесінде сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы А.Туктыбаевамен «Азаматтарды қабылдау орталығында» ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша және алдын ала жазылу: +7(7232) 704028, +7(7232) 704137 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау

    2026 жылдың 04 маусымында сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысының м.а. А.Амирхановпен «Азаматтарды қабылдау орталығында» Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша және алдын ала жазылу: +7(7232) 704028, +7(7232) 704137 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Ашық есік күні" акциясы

    Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 03 маусымында азаматтарға құқықтық консультацияларды беру, сонымен қатар азаматтарды қабылдау мақсатында, «Ашық есік күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды. Өтетін орны: ШҚО, Алтай ауданы, Больничная,1, көшесі, "Жаңа Бұқтырма селолық емханасы". Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тікелей эфир

    Ағымдағы жылдың 22 мамырында сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің "Instagram" әлеуметтік желі парақшасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Виктория Борисовна Махмутованың қатысуымен "Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету" тақырыбында тікелей эфир өтеді. Тікелей эфир тақырыбындағы сұрақтар тікелей эфирге дейін хабарламамен Direct-ке, немесе 8 (7232) 70-41-55 телефон нөмірі бойынша сондай-ақ тікелей эфир кезінде қабылданады.

    22 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Тегін заң көмегі күні" акциясы

    Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 14 мамырында азаматтарға құқықтық консультацияларды беру, сонымен қатар азаматтарды қабылдау мақсатында, «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілетінін хабарлайды. Өтетін орны: ШҚО, Глубокое ауылы, Попович көшесі, 13 үй, "AMANAT" партиясының аудандық филиалында. Аталған акцияға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің, «AMANAT» партиясының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады. Барлық сұрақтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 8 (7232)70-41-55 нөміріне хабарласуға болады.

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тегін кеңес алу үшін Құқықтық ақпараттық қызметке қалай хабарласуға болады?

    Жауап

    Құқықтық ақпараттық қызмет (бұдан әрі-ҚАҚ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығына сәйкес құрылды. Қызмет «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК базасында жұмыс істейді және халықтың құқықтық сауаттылығын, құқықтық санасы мен мәдениетін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың білікті заң көмегіне тегін қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. 24/7 ҚАҚ арқылы түскен азаматтардың өтініштері бойынша құқықтық кеңес береді: 1. Телефония 8 (7172) 58-00-58 (тәулік бойғы консультациялар, Астана қаласынан тегін қоңырау шалу, байланыс операторларының тарифтері бойынша ұялы телефоннан 87172580058 нөміріне қоңырау шалу); 2. Виртуалды ассистент (Web-қоңыраулар QR кодын сканерлеу арқылы Е-Заң көмек порталы және «Әділет» АҚЖ сайты арқылы тегін жүзеге асырылады); 3. WhatsApp онлайн мессенджері (жазбаша консультациялар нөмір бойынша көрсетіледі +7 708 693 5631); 4. «Әділет» АҚЖ «Онлайн консультанты» виджеті (сұраныс бойынша ҚАҚ оператор-консультанттары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, автоматты түрде консультациялар беру); 5. «Әділет» АҚЖ «Құқықтық консультация» бөлімі; 6. 119kenesbot жеделхатта (ҚАҚ кеңесші-операторлары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, сұраныс бойынша автоматты түрде кеңес беру). - Консультациялар қызметтің үнемі жаңартылып отыратын білім базасы негізінде ұсынылады. Сонымен қатар, ҚАҚ халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша іс-шараларды, соның ішінде құқықтық сауаттылық бойынша онлайн-курстарды және жиі қойылатын сұрақтар тізімін жаңартуды жүзеге асырады. Қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық түсіндіру саласындағы негізгі құралдарының бірі болып табылады және елімізде тәулік бойы тегін консультация беру форматы бойынша баламасы жоқ.

    ·
    Сұрақ

    Сот сарапшысының қорытындысына шағымдануға бола ма?

    Жауап

    Сарапшының қорытындысы дәлелдеме болып табылады және оны сараптаманы тағайындаған сот немесе орган бағалайды. Онымен келіспеген жағдайда тараптар ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 90-бабына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 287-бабына сәйкес қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

    ·
    Сұрақ

    Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау

    Жауап

    «Құқықтық актілер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 53-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – ЭКБ) жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте, Заңның 37-бабына сәйкес ЭКБ НҚА-ның ресми жарияланым көзі болып табылады. Демек, ЭКБ-де жарияланған НҚА олардың ресми мәтіндері болып саналады. Заңның 60-бабына сәйкес жоғарыда баяндалған түсіндіру міндетті заңдық күшке ие емес және ұсынымдық сипатта болады.

    ·
    Сұрақ

    Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Өтінім бір тауар белгісіне қатысты болуға тиіс және онда: - Өтініш берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, сараптама жүргізу туралы өтініш; - Мәлімделетін белгі; - Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесіне сәйкес тауарлар мен қызметтердің тізімі; Қоса беріліп отырған құжаттар: - Сараптама жүргізу үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; - Іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі; - Ұжымдық тауар таңбасының жарғысы.

    ·
    Сұрақ

    Контрафакт дегеніміз не?

    Жауап

    Бұл белгілі брендтердің жалған өнімдерін өндіру және нарыққа шығару, шамалы өзгерістермен, кейде оларсыз, тез пайда табу мақсатында тауарлардың пайда болуында, бір сөзбен айтқанда, бұл басқа адамдардың зияткерлік меншігі және басқа адамдардың авторлық құқығы болып табылатын танымал брендтердің тауарларының сапасы туралы алыпсатарлық.

    ·