Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қандай талаптар қойылады?
Өтінім бір тауар белгісіне қатысты болуға тиіс және онда:
- Өтініш берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, сараптама жүргізу туралы өтініш;
- Мәлімделетін белгі;
- Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесіне сәйкес тауарлар мен қызметтердің тізімі;
Қоса беріліп отырған құжаттар:
- Сараптама жүргізу үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;
- Ұжымдық тауар таңбасының жарғысы.