ҚР "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 38-бабына сәйкес
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам адвокаттар алқасының төралқасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді.
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін дипломның түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
өз қолымен құрастырылған Өмірбаян;
- еңбек кітапшасы немесе заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын өзге де құжат;
- тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамның тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің анықтамалары;
- соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
- көлемі 3х4 см екі фотосурет;
- кадрларды есепке алу парағы.
Тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды адвокаттар алқасының төралқасы Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте тағылымдама кемінде 5 жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен өтеді. Тағылымдаманың ұзақтығы 6 айдан бір жылға дейін.
Тағылымдамадан өту ақылы жүзеге асырылады, тағылымдамадан өтуді ұйымдастырғаны үшін ақы төлеу мөлшері мен мерзімі шартта көрсетіледі.