Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау
«Құқықтық актілер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 53-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – ЭКБ) жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Осы ретте, Заңның 37-бабына сәйкес ЭКБ НҚА-ның ресми жарияланым көзі болып табылады.
Демек, ЭКБ-де жарияланған НҚА олардың ресми мәтіндері болып саналады.
Заңның 60-бабына сәйкес жоғарыда баяндалған түсіндіру міндетті заңдық күшке ие емес және ұсынымдық сипатта болады.