Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті «Мұра. Диалог. Жалғасы» атты мәдени-ағартушылық іс-шараға қатысты

    Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің өкілдері АуаVostok брендінің жетекшісі Аяжан Қайырханқызының ұйымдастырылуымен Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен «Мұра. Диалог. Жалғасы» атты мәдени-ағартушылық іс-шараға қатысты.

    Іс-шара аясында қазақстандық суретші Нұрболан Нұғыманұлы Өтепбаевтың кескіндеме және графикалық жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ оның шығырмашылығынан шабыт алған Индира Рахымжанқызы Оспанованың туындыларымен танысу ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында авторлық құқықты қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және шығармашылық мұраны келер ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта суретшінің ұлы Мадияр Утепбаев пен оның жұбайы Аралкүл Есжанованың қатысуымен ашық дәріс өткізілді.

    Іс-шараға қатысушылар зияткерлік және шығармашылық еңбек нәтижелеріне құрметпен қараудың, авторлық мұраны сақтаудың және мәдени құндылықтарды болашақ ұрпаққа аманат етудің маңыздылығын талқылады.

    Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық еңбекке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және зияткерлік меншікті қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге ықпал етеді.
    Шығармашылыққа құрмет – авторлық құқықты құрметтеуден басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары