Семинар өткізілді

    2026 жылдың 6 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық іс жүргізу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг нәтижелерін талқылауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту шараларын әзірлеуге арналған семинар өткізді.
    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген мониторинг нәтижелері қаралып, атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметінде анықталған проблемалық мәселелер талқыланды.
    Атап айтқанда, атқарушылық әрекеттерді жасаудың заңнамада белгіленген мерзімдерін сақтамау, атқарушылық іс жүргізулерді негізсіз тоқтату, бұрын қабылданған мәжбүрлеп орындату шараларын заңсыз жою, сондай-ақ борышкерлердің мүлкі мен кірістерін анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігіне байланысты жүйелі кемшіліктерге ерекше назар аударылды.
    Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік сот орындаушыларына борышкерлердің мүліктік жағдайын анықтау жөніндегі жұмысты күшейту, мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы қабылдау, атқарушылық әрекеттерді жасаудың заңнамада белгіленген мерзімдерін қатаң сақтау, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізулерді негізсіз тоқтатуға және бұрын қабылданған шектеу шараларының күшін жоюға жол бермеу ұсынылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары