ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    1 / 4

    ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының барысы мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров онлайн форматта қатысты.

    Түркістан облысында жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жалғасуда. Соңғы үш жылда өңірдегі өртке қарсы қызметке 25 жаңа арнайы техника сатып алынып, 16 өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

    Оның айтуынша, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін тағы 11 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ленгір қаласы мен Оранғай ауылында өрт сөндіру бөлімдері пайдалануға берілген. Нәтижесінде 158 елді мекендегі 363 мың тұрғын өртке қарсы қорғаныспен қамтылады.

    – Соңғы үш жылда облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 85 пайыздан 90 пайызға дейін өсті. Табиғи газ беру кезінде автоматты газ сигнализаторлары орнатылады. Барлық аудан мен қалада 17 газ инспекциясы құрылды. 18 мың кәсіпкерлік нысанында және 290 мың тұрғын үйде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында 282 мың тұрғын үйдің түтін мұржалары тазартылып, 205 мың тұрғын үйге газ дабылқаққыштары орнатылғаны анықталды, – деді өңір әкімі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары