АУДАН ӘКІМІ АҚКИІЗТОҒАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 4

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Ж.Қаражанов бүгін Ақкиізтоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

    Кездесуге аудан прокуроры, полиция басшылығы, жергілікті атқарушы орган және мекеме басшылығы қатысты.

    Жиында аудан әкімі 2022-2026 жылдар аралығында ауыл тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелер мен олардың орындалу барысы туралы баяндады.

    Кездесу кезінде ауыл тұрғындары жаңа мектеп салу, жол салуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

    Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер бойынша заңнама аясында түсіндірме беріп, назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

    Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жылыой ауданының әкімдігі" жаңалықтары