2026 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті «Aidarly Mining» ЖШС өкілдерінің, Абай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және мемлекеттік аннуитеттік компания өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу Департаменттің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өкілеттіктерін іске асыру, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық жұмыстар жүргізу, құқықтық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу;
- Жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалау;
- Қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;
- Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу.
Кездесу барысында «Aidarly Mining» ЖШС өкілдеріне еңбек заңнамасының нормаларын қолдану бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар ұсынылды.
Сонымен қатар, кездесу аясында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өткізіліп, еңбек қатынастары саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды.
Департамент жұмыс берушілермен еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









