Шымкентте жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында кездесу өтті

    1 / 10

    Шымкентте жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында кездесу өтті

    NOEXTREMISM, NOTERRORISM жобасы аясында Шымкент қаласының Абай ауданы жастарының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты - жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологиялардың қауіптілігін түсіндіру, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ жастардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру.

    Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың таралу жолдары және олардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастарға интернет кеңістігіндегі ақпараттарға сыни тұрғыдан қарау, жалған ақпарат пен қауіпті идеологияларды ажырата білу қажеттілігі түсіндірілді.

    Мұндай кездесулер жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

    NOEXTREMISM, NOTERRORISM - қауіпсіз қоғам мен саналы ұрпақ қалыптастыру жолындағы ортақ қадам!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының дін істері басқармасы" КММ" жаңалықтары