Шымкент қаласында NOEXTREMISM, NOTTERRORISM жобасы аясында Еңбекші ауданының М.Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологиялардың қауіптілігін түсіндіру, діни және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі ақпараттарға сыни тұрғыдан қарау, жалған ақпарат пен қауіпті идеологияларды ажырата білу, діни мәселелерде сенімді әрі сауатты мамандардың пікіріне сүйену дағдысын қалыптастыру.
Кездесуге теолог мамандар Тайтелиев Файзулла Тажмухамедович, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы және Рысбеков Кенжебек Төребаевич спикер ретінде қатысып, студенттерге экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың таралу жолдары және олардың алдын алу мәселелері бойынша мазмұнды ақпарат берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









