1 / 11
2026 жылғы 16 қазанда Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күні қарсаңында діни бірлестіктер клубының арнайы кездесуі өткізілді.
Кездесуде 50 ге жуық діни қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайту, дінаралық татулықты сақтау және қоғамдағы өзара құрмет пен бірлікті дәріптеу.
Кездесу барысында рухани құндылықтар, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы талқыланып, діни бірлестік жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.
Рухани келісім – тұрақтылық пен татулықтың негізі!






