Абай ауданында үшжақты әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    2026 жылғы 9 қарашада Абай ауданының әкімі М.С. Смағұловтың төрағалығымен Үшжақты әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырысқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Еділұлы Жөкебаев Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.

    Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

    1. Аудандағы еңбек қатынастарының жай-күйі, оның ішінде еңбекақы бойынша берешектердің болмауы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері.

    2. Еңбек шарттарын электрондық базаға тіркеу және Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу бойынша атқарылған жұмыстар.

    3. Абай ауданы аумағындағы шаруа қожалықтарында мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу мәселелері.

    Сонымен қатар, адам саудасына қарсы іс-қимыл, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында құқық қорғау органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

    Комиссия отырысының қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары