Қазақстанда тұрғын үйді салық төлемей қалай жалға беруге болады?

    Қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тұрғын үйді ресми түрде жалға беріп, табыс салығын төлемеуге құқылы. Мұндай кәсіпкерлік қызметпен жалдамалы жұмыс істейтін азаматтар да айналыса алады. Толығырақ NUR.KZ материалында.

    2026 жылдан бастап қазақстандықтар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін (АСР) таңдай алады. Ол жеке табыс салығын (ЖТС) төлемей, кәсіпкерлік қызметпен ресми түрде айналысуға мүмкіндік береді. Алайда міндетті әлеуметтік төлемдер төленуі тиіс:

    • әлеуметтік аударымдар – 1%;

    • міндетті зейнетақы жарналары – 1%;

    • жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – 1%;

    • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар – 1%.

    Бұл режим қызметтің барлық түріне бірдей қолданыла бермейтінін ескеру қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі шектелген. Олардың қатарында такси қызметі, тұрғын үйді жалға беру, жөндеу жұмыстары, сондай-ақ мәдениет және білім беру салаларындағы қызмет бар.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тұрғын үйді жалға берумен жалдамалы жұмыс істейтін азаматтар да айналыса алады.

    Бұл жағдайда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелудің, құжаттар мен есептілікті тапсырудың, сондай-ақ салық төлеудің қажеті жоқ. Барлық рәсім автоматты түрде жүзеге асырылады.

    Азаматтарға арнайы қосымшада чектерді рәсімдеп, табыс мөлшерінің белгіленген шегінен аспау қажет. Айлық табыс 300 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК), яғни 2026 жылы 1 297 500 теңгеден аспауы тиіс.

    Осылайша, қазақстандықтар негізгі жұмысымен қатар ресми түрде қосымша табыс таба алады және бұл табысқа жеке табыс салығын төлемейді.

    Сонымен қатар тұрғын үйді оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану арқылы да жалға беруге болады. Бұл режим бірнеше пәтерді жалға беретін немесе жалдамалы жұмыскерлері бар азаматтарға қолайлы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұзынкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары