Медициналық-әлеуметтік сараптама 10 айдың қорытындысы

    Медициналық-әлеуметтік сараптама 10 айдың қорытындысы:

    Шымкент қаласы бойынша 01.11.2026 жылға мүгедектігі бар адамдар саны 44 079 адамға жетіп, қала бойынша тұрғындардың (01.09.2026 жылға 1 316 888 тұрғын) 3,3 % -ын құрайды. Оның ішінде:

    - Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 35087 немесе 79,6%,

    1) 1 топ – 5293 адам,жалпы санның- 12,0%,

    2) 2 топ – 15224 адам, жалпы санның- 34,5%,

    3) 3 топ – 14570 адамнан тұрады, жалпы санның- 33,1%,

    - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 8992 немесе 20,4%,

    1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 3039 бала,

    2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 862 бала,

    3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 2416 бала,

    4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2675 бала

    мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады.

    НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР:

    Өткен 2025 ж. көрсеткішімен салыстырғанда жалпы мүгедектік саны артруы байқалады (877 адамға - 2,0%)

    Ересектер арасында (2025 ж. - 34630 адам) салыстырмалы- 457 адамға өскен, балалар арасында – (2025 ж. - 8572)- 420 балаға өскен.

    2026 жылғы қазан айы бойынша МӘС бөлімдері жалпы 14347 (2025ж.- 12954) адамға мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 3037 адам, қайта куәландырылғаны 10052 адам, негізсіз жолданғандары – 163 (өткен жылы- 192) .

    Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 2923 (өткен жылы- 2941) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 18 адамға азайған.

    Негізсіз жолданғандар

    2026 жылдың 10 айында 163 науқас негізсіз жолданды, өткен жылы – 192 (- 29 адам)

    • Сырттай 80 (өткен жылы- 78) - 49 ,1%
    • Көзбекөз 83 (өткен жылы- 114) - 50,9%.

    2026 ж. қазан айы бойынша негізсіз жолданымдар жалпы саны - 163 (2025 ж. 10 айда - 192), бұл көрсеткіш 29 жағдайға азайған.

    Негізгі тенденция: өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда негізсіз жолданымдар саны негізінен көзбе-көз куәландыру бойынша азайғаны байқалады.

    Қайта куәландыру нәтижесі:

    Қайта куәландырылған -10059 (8758) мүгедектің ішінде,

    мүгедек деп танылғаны – 9201 (8244) адам,

    толық оңалтылғандар – 858 (514) адам, пайызға шаққанда 8,5%, (5,9%);

    жартылай оңалтылғандыр – 962 (650),пайызға шаққанда 18,7% (1440%);

    күшейтілгендер – 470 (444), пайызға шаққанда 5,5% (5,9%)

    яғни барлық нысаналы көрсеткіштеріміз өткен жыл мен салыстырғанда жақсарғаны бар.

    Проактивті сырттай куәландыру бойынша

    Нысаналы деңгей – 45,0 %

    Нақты нәтиже: 2026 ж. 10 айдың қорытындысымен – 6985 (өткен жылы- 5525)адамға сырттай проактивті куәландыру жүргізілген, бұл 48,7% (өткен жылы- 42,7%) құрайды (Республика бойынша- 47,7 %).

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары