GUEST TALK: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ КӘСІБИ ДАМУ

    ҚР Мемлекеттік басқару Академиясы филиалында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың қатысуымен Guest Talk форматында мотивациялық кездесу өтті.

    Кездесуге мемлекеттік қызметке алғаш кірген қайта даярлау курсының тыңдаушылары қатысты.

    Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызмет саласында Шымкент, Ақтөбе қалаларында, Түркістан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында еңбек етіп, әртүрлі өңірлерде кәсіби тәжірибе жинақтаған тұлға.

    Кездесу барысында спикер мемлекеттік қызметтегі кәсіби даму мен мансаптық өсу жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби жетістікке жету үшін үздіксіз ізденіс пен еңбекқорлықтың маңызын атап өтті.

    Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғау саласының маңыздылығына ерекше тоқталып, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстар туралы айтып өтті. Әлеуметтік қорғау саласында қызмет ететін мамандардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
    Сондай-ақ мемлекеттік қызметтен тыс жеке өмірге де уақыт бөліп, әр адамның өз қызығушылығы мен хоббиі болуы керектігіне тоқталды. Әсіресе, спортпен шұғылданудың денсаулықты нығайтудағы және өмірлік тепе-теңдікті сақтаудағы рөлін атап өтті.

    Ғалым Сұлтанұлы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған кезеңіндегі тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға кәсіби жолда табандылық танытып, үнемі дамуға ұмтылуға кеңес берді.

    Кездесу жас мемлекеттік қызметшілер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби бағдар алуға және мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары