25 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінде аумақтық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде өткізілді.
Кеңес барысында қызметтік міндеттерді атқару кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, ішкі бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін алдағы өзгерістерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды.
Құрылымдық және аумақтық бөлімшелер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жеке жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру және лауазымдық міндеттерді атқару кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









