Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының бұйрығымен Нұрмұратов Нұрлан Әуелбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Нұрмұратов 1990 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде қоғамдық жұмысшы болып бастаған.
2013–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2015–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2019–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген.
2020–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің әдіснама басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2023 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.








