«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2027–2031 жылдарға арналған тариф жобалары жария тыңдауларда талқыланды

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 2027–2031 жылдарға арналған тариф жобалары жария тыңдауларда талқыланды

    2026 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау және газ сақтау қызметтеріне 2027-2031 жылдарға арналған тарифтерді, тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды бекіту жөніндегі өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді.

    «Интергаз Орталық Азия» АҚ бұған дейінгі кезеңге бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Комитетке өтініммен жүгінді. Жария тыңдаулардың мақсаты – өтінімдерді қараудың ашықтығын қамтамасыз ету, тұтынушылар мен мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру, сондай-ақ тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісі мүдделерінің теңгерімін сақтау.

    Тыңдаулар барысында компания өкілдері тарифтік өтінімдердің негізгі параметрлері мен инвестициялық бағдарламалардың жобаларын таныстырды.

    Көзделген іс-шаралар магистральдық газ құбырларын күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, газ тасымалдау жүйесі объектілерін салуға және реконструкциялауға, газ тасымалдау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ жерасты газ сақтау қоймаларының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

    Жария тыңдауларға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Талқылау барысында қатысушылар сұрақтар қойып, қаралып жатқан өтінімдер бойынша өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

    Комитет ұсынылған материалдарды мәлімделген шығыстардың экономикалық негізділігі мен заңнама талаптарын ескере отырып қарауды жалғастырады. Шешім заңнамада белгіленген мерзімдерде жария тыңдауларға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып қабылданады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті" жаңалықтары