Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының бұйрығымен Дамир Сабырұлы Тоқтамысов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дамир Тоқтамысов 1985 жылы дүниеге келген. 2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2026 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2008–2015 жылдары Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментінде жетекші маманнан бөлім басшысына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарған.
2015–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген.
2018–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарған.









