Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың 25 қараша күні «Ш. Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект-қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа мүмкіндік» тақырыбында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.
Мақсаты — қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді және әдістемелік тұрғыдан дұрыс қолдану жолдарын меңгерту, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және оқу үдерісін заманауи технологиялармен толықтыру.
Аталған семинарға «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеу» бағытында аудандық білім бөлімі жанынан құрылған «Ардагер ұстаздар» тобының мүшесі, көп жылдық еңбек өтілі бар, ұлағатты ұстаз, көп жылдар білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болған, ардагер ұстаз Райкамал Нуролдановна қатысып, көпжылдық ұстаздық тәжірибесімен бөлісті
https://www.instagram.com/reel/DgMKQ3uDl_I/?knvt=MXFvdWVuYnVwY29heg==
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









