БІЛІМ САПАСЫ – ОРТАҚ МАҚСАТ, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – НӘТИЖЕГЕ БАСТАР ЖОЛ!

    БІЛІМ САПАСЫ – ОРТАҚ МАҚСАТ, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – НӘТИЖЕГЕ БАСТАР ЖОЛ!

    2026 жылғы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта әдістемелік сағат өткізілді.
    Кездесу барысында Күршім ауданының тәжірибесімен бөлісіп, бірқатар өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды. Атап айтқанда, білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Солтанқызы «Smart education. Білім сапасы: деректерден нақты нәтижеге» тақырыбында баяндама жасап, білім сапасын арттыру бағытындағы диагностикалық жұмыстар, білімдегі олқылықтарды анықтау және нәтижеге бағытталған басқарушылық шешімдер туралы баяндады. Ал Алғабас орта мектебінің директоры Аян Кенжеханов «Нәтижеге бағытталған білім: диагностика, талдау, өзгеріс» тақырыбында мектеп тәжірибесімен бөлісіп, білім сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды таныстырды.

    Сонымен қатар әдістемелік сағат аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, білімдегі олқылықтардың себептерін саралау, «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыру және «Күш – бірлікте» көшбасшылар клубының жұмысы талқыланды. Осындай кәсіби кездесулер педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, тың идеяларды таратуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді. Күршім ауданының білім беру ұйымдары сапалы білім мен нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету жолындағы тәжірибелерімен бөлісуді жалғастырады!

    https://www.instagram.com/reel/Df2BcuCFc1s/?bqrl=YzcwN294aXZvMG9p

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары