Күршім ауданында Халық банк қызметкері А. Арынгазинованың қатысуымен Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің мамандарымен кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, кибербуллингтің алдын алу және алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар банк карталары мен шоттарын бөгде адамдарға бермеу, банк шотының деректері мен SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге хабарламау қажеттігі ерекше атап өтілді. Өзінің банк шотын басқа адамдарға пайдалануға беру заңдық және қаржылық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені ескертілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








