«Менің болашақ мамандығым»

    Еңбекшілер күніне орай «Менің болашақ мамандығым» атты еркін пікір алмасу

    Бүгін мектебімізде Еңбекшілер күніне орай 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты:
    оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт-бағдар беру, еңбекке деген құрметін арттыру және саналы түрде мамандық таңдауға ынталандыру.

    Кездесу барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары, армандаған мамандықтары және болашақтағы мақсаттары туралы ой бөлісіп, еркін пікір алмасты.

    ✨ Дұрыс таңдалған мамандық — жарқын болашаққа бастар жол!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары