2026 жылдың 21 қазанында Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қарасты Қыстау-Күршім ауылында 50 орындыққа арналған жаңа мектеп ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тағылымды шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Қ.Оқасов, Күршім ауданының әкімі М.Альбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы мен мамандары, ауданның құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты.
Мектеп ғимараты «Uka Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2025 жылғы 17 наурыздағы №10 үшжақты меморандум негізінде салынды.
Жалпы құрылыс ауданы 937 м² болатын нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда 7 оқу кабинеті мен шағын орталық орналасқан. Ғимарат электротеплофондар арқылы жылытылады, су құбырымен, электр жарығымен, ыстық сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар санитарлық талаптар сақталып, жарықтандыру жүйесі тиісті нормаларға сәйкестендірілген, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандус орнатылған. Мектептің іргелес аумағы қоршалған.
Бұл – ауыл балаларының сапалы білім алуына жасалған маңызды қадам!
Жаңа мектептің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық, ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол, ал жас ұрпақ үшін жарқын болашаққа бастар игі бастама.
Білім ордасының табалдырығын аттаған әрбір оқушының арманы асқақ, білімі терең, болашағы жарқын болсын! Жаңа мектеп шәкірттердің жетістіктері мен жеңістерінің алтын ұясына айналсын!
https://www.instagram.com/reel/DewOcwXgBY8/?psln=MWthdnBlaGEybTN1aw==









